ТҰРҒЫН ҮЙ ИНСПЕКЦИЯСЫ БӨЛІМІНЕ ЖАҢА БАСШЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ
Аудан әкімінің 2023 жылғы «20» шілдедегі №135 өкімімен Нурадинов Алибек Нагыметуллаевич Шу ауданы әкімдігінің тұрғын үй инспекция бөлімінің басшысы қызметіне тағайындалды. Осыған орай, аудан әкімі аппаратының басшысы Нариман Жетпісбайұлы жаңа басшыны ұжымға таныстырып, алдағы жұмысына сәттілік тіледі.
Нурадинов Алибек Нагыметуллаевич 1990 жылы туылған, білімі жоғары, 2012 жылы Қазақ бас сәулет-құрылыс академиясының «құрылыс» мамандығы бойынша тәмандаған.
Еңбек жолын 2009 жылы «Шу Грандстрой» ЖШС-нің құрылыс компаниясының құрылыс шебері болып бастаған.
2012-2013 жылдары «СМК-3» ЖШС-нің құрылыс компаниясының құрылыс шебері;
2015-2017 жылдары «БАЗИС-А» ЖШС-нің құрылыс компаниясының прораб;
2017-2018 жылдары «Шу Грандстрой» ЖШС-нің құрылыс компаниясының инженері;
2018-2021 жылдары Шу ауданы әкімдігінің сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімінің сектер меңгерушісі;
2021 жылдың 23 қыркүйегінің бастап бүгінгі күнге дейін Шу ауданы әкімдігінің сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімінің басшысы қызметін атқарып келді
Үйленген, 2 бала тәрбиелеуде.
Шу ауданы әкімдігі