15 мыңнан астам азамат белгіленбеген жерлерден темір жолдарды кесіп өткені үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды
Ағымдағы жыл басынан бері еліміздің көлік полицейлері темір жолдарды белгіленбеген жерлерден кесіп өткені үшін 15 355 адамды анықтап, әкімшілік жауапкершілікке тартты. Пойыз астына 42 азамат түскен, олардың тең жартысы өліммен аяқталды, 3 факт бойынша балалар зардап шекті, олардың барлығы өліммен аяқталды.
Сондай-ақ, пойыздардың шұғыл тежелуінің фактілері де орын алып жатады. Ағымдағы кезеңде 930 факт тіркелді, оның ішінде адамдардың болуы себебінен 224, теміржол төсемінде үй жануарларының болуына байланысты 572 факті және т.б.
Мәселен, өткен демалыс күндері төрт адам пойыз астына түсіп кете жаздады. Аталған фактілер Ақмола, Қызылорда және Шығыс Қазақстан облыстарында тіркелді. Абырой болғанда, барлық жағдайда пойыз машинистері жылжымалы құрамды тоқтатып, қайғылы жағдайдын алдын алды. Жоғарыда көрсетілген фактілер бойынша құқықбұзушыларға қатысты ҚР ӘҚБтК 559-бабының 5-бөлігі (белгiленбеген жерлерде темiржол арқылы өту) бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.
Көлік полицейлері жазатайым оқиғалардың алдын алу және жолын кесу мақсатында тұрақты негізде профилактикалық сипаттағы жұмыстар жүргізуде. Оның ішінде халықпен 1588 кездесу, жолаушылар пойыздарында 1772 кездесу, оқу орындарында 1814 дәріс өткізді. Барлық іс-шараларда теміржол көлігі объектілерінде болған кезде негізгі қауіпсіздік ережелері жеткізілді.
Көлік полицейлері теміржолда болған кезде қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтау керектігін тағы да еске салады. Мұқият болып, теміржол төсемін арнайы жабдықталған жерлерден ғана өту керек.
Көліктегі полиция департаментінің баспасөз қызметі