Шынайы достық туралы пәлсапа.
Бір жас жігіт үйленбекші болды. Той қамына кірісіп, қарбалас тіршілік қыза түсті. Жігіт ары шапқылап, бері шапқылап той өтетін орынды ыңғайлап әбден шаршайды. Әрі қай жағына жүгірерін білмей жүргендіктен әкесіне көмек сұрай келеді.
— Әке, мен үлгермей жатырмын. Мына жерде тізімде 50досым бар. Мынау телефон номерлері. Өтініш. Осыларға хабарласып, тойыма шақырыңызшы, — дейді.
— Жарайды, ұлым. Уайымдама. Бәрін сен айтқандай жасаймын, — дейді.
Той күні де келіп жетеді.
Тойға шақырылған қонақтар келе бастады. Жігіт қараса, достарынан он бес шақтысы ғана жүр екен. Жігіт ашуланып кетіп әкесіне келіп:
— Әке, мен сізге 50адамның тізімін беріп едім ғой. Неге он бесі ғана жүр, — деп қабағын шытты.
— Балам, мен тура сен айтқандай бәріне қоңырау шалдым. Оларға сенің басыңа іс түскенін, көмек қажет және дәл осы уақытта осы жерге келу керек деп айттым.
Сондықтан балам, бұл жерге сенің нағыз достарың жиналды, басқасына уайымдама, — деген әке баласының арқасынан қақты.
ОСЫ ПОСТТЫҢ АСТЫНА ӨЗДЕРІҢІЗДІҢ НАҒЫЗ ДОСТАРЫҢЫЗДЫ БЕЛГІЛЕЙ КЕТІҢІЗДЕР.
БІР МАРҚАЙЫП ҚАЛСЫН. ЖАЛПЫ ШЫН ДОСЫҢЫЗ БАР МА?
Аударған: Жұлдыз Тоқтасынқызы