МЕДРЕСЕ ЖҰМЫСЫН КӨРДІ

Облыс әкімі аппаратының басшысы Мади Матен жұмыс сапары аясында Айшабибі ауылындағы қыздар медресесінің жұмысымен танысты.
Ғимараттың жалпы көлемі 10002 шаршы метрді құрайды. Екі қабаттан тұратын нысан бір мезетте 50 адамды қабылдай алады. Бірінші қабатта үлкен және қосалқы бөлме, дәретхана және 3 бөлме бар. Ал екінші қабатта жуынатын бөлме, намазхана, дәретхана, 3 бөлме, 2 үлкен залы бар.
Ілім ошағын күрделі жөндеуден Бейбітұлы Қуаныш пен Олжас есімді кәсіпкерлерлер өз қаражаты есебінен жүргізген.
Мәди Мейірбекұлы медресе ішін аралап, жауаптылармен әңгімелесіп, діни ағарту ордасының жұмысын оң бағалады.

Жамбыл ауданы әкімдігі