Музей қорындағы өзбек халқына тиесілі жәдігерлер «Культурное наследие Узбекистана в собраниях мира» жобасында
Жамбыл облыстық тарихи-өлкетану музейі және «Культурное наследие Узбекистана в собраниях мира» жобасы бойынша халықаралық бөлімімен бірлескен нәтижелі жұмыс атқарылды. Музей қызметкерлері музей қорындағы өзбек ұлтына тиесілі жәдігерлер олардың келіп түсу тарихы, жасалу материалы, қолданылуы, құндылығы көрсетілген мәліметтерді жинақтау жұмыстарын жүргізді.
Бұл жәдігерлер «Культурное наследие Узбекистана в собраниях Казахстана и Кыргызстана» атты томында жарық көреді. Музейде сақтаулы тұрған әшекей бұйымдар, ұлттық киім үлгілері, тұрмыстық заттары, ыдыс-аяқтары фотосуреттерімен жарияланады. Екі ел арасындағы ғылыми және мәдени байланысты арттыратын бұл жоба маңыздылығы жоғары деп есептейміз. Сондай-ақ, облыстық музей жәдігерлері тарихы Өзбекстан Республикасында насихатталатын болады.
Жамбыл облыстық тарихи-өлкетану музейі