«МАНСАП» ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ҚЫЗЫЛАРЫҚ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНІҢ ЖҰМЫССЫЗ АЗАМАТТАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ.
«Мансап» орталығының қызметкерлері ағымдағы жылдың 27 шілдесі күні Қызыларық ауылының жұмыссыз азаматтарымен кездесу ұйымдастырды. Кездесуге 35 адам қатысты.
Жуалы аудандық «Мансап орталығы» филиалының директоры Нұрбол Кәрібайұлы Құрмашев, «Мансап» орталығының маманы Айбек Маралұлы Жанұзақов, Қызыларық ауылдық округінің ассистенті Толқын Тастинбекқызы Қорабекова қатысты.
«Мансап» орталығының басшысы Нұрбол Кәрібайұлы осы кезеңге дейін жұмыс істеп келген халықты жұмыспен қамту орталықтары енді мансап орталықтары болып қайта құрылғандығын жеткізді. Орталықтың негізгі мақсаты – өңірдегі жұмыспен қамту саясатын жүйелі дамыту.
Ауылдық округтің тұрғындарына «Мансап орталығының» жұмысы мен бағдарламалары туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Орталық мамандары жұмыссыз азаматтарға «Қысқа мерзімді кәсіптік оқу», «Жұмыссыздарды жұмыс берушілердің кәсіпорнында оқыту және жұмыспен қамту», «Алғашқы жұмыс орны», «Күміс жас», «Жастар тәжірибесі», «Қоғамдық жұмыс», «Қайтарымсыз грант» туралы ақпараттармен бөлісіп, әр бағдарламаның мазмұнымен таныстырды.
Орталықтың басшысы тұрғындар тарапынан түскен ұсыныстарды, талап-тілектерді қабылдап, сауалдарына жауап ұсынды.