Жастарға берілетін 2.5% несиеге өтінім қабылдау басталды
Негізгі шарттары:
— 18 ден 35 арасындағы жастар қатыса алады. (35 жас кірмейді). ИП немесе ТОО секілді заңды тұлға атынан өтінім бересіз.
— ИП-ның тіркелген мерзімі 5 жылдан аспауы керек!
— 2.5%-бен 5 млн теңгеге дейін несие беріледі.
Мал шаруашылығы үшін 7 жылға, ал басқа да кәсіптерге 5 жылға дейін. Несие берілетін уақыттың үштен бірінен аспайтын мерзімге жеңілдік қарастырылған. Ол дегеніміз 5 жылға алсаңыз 1.5 жылдан астам уақыттан кейін;ал 7 жылға алсаңыз 2 жылдан астам уақыттан кейін несиені қайтарып бастайсыз деген сөз.
Кепілдік болуы міндетті. Кепілге жылжымайтын мүлік немесе көлік, арнайы техникалар қоя аласыз. Өз туыстарыңыз сенім білдірсе олардың атындағы мүлікті кепілге бере аласыз.
Өтінімдерді өзіңіздің өңірдегі Агрокредит аграрлық несие корпорациясының филиалдарына барып бересіздер.
Қажетті құжаттар тізімі:
— жеке басын куәландыратын құжат;
— жоба бойынша бизнес-жоспар;
— шоттың болуы туралы қызмет көрсететін банктен анықтама;
— кредиттік берешектің, оның ішінде қаржы ұйымдарынан мерзімі өткен берешектің болуы туралы анықтама (кредиттер болған кезде);
— қатысушының/үміткердің жалақысын және (немесе) өзге де табыстарын растайтын құжат (жинақтаушы зейнетақы қорынан үзінді көшірме) болған кезде;
— кепілді қамтамасыз ету ретінде берілетін мүлікті бағалау туралы есеп;
— кепіл беруші және кепілмен қамтамасыз ету жөніндегі құжаттар.