ДАЛА АЛҚАПТАРЫНДАҒЫ ӨРТ
Дала алқаптарында түрлі шөптер, шөп қалдықтары, бұталар, қамыстар, т.б. үлкен көлемді жанғыш материалдар бар. Бұл материалдар, әсіресе, тұрақты құрғақ ауа райының өзінде де тез тұтануға бейім. Даладағы өрттер тез өршиді. Мұның себебі – өрттің таралу жылдамдығына желдің жылдамдығы ықпал етеді.
Құрғақшылық ауа райында өрт жалынының таралуы биік өскен шөпті алқапта 500-600 м/минутқа жетеді. Сирек аласа өскен шөпті алқапта, сондай-ақ, желсіз мезгілдерде өрттің таралу жылдамдығы 10-15 м/мин болады. Дала өрті әдетте кеш байқалатындықтан, ол мыңдаған гектар аумақты шарпиды. Өрттің таралу барысында «құйындар» пайда болып, отты алыс қашықтыққа жеткізеді. Мұндай өрттің күштілігі соншалық, ені 12-15 метрге дейін жасанды және табиғи кедергілерді аттап өтеді.
Аудандық Төтенше жағдайлар бөлімі және №9 Өрт сөндіру бөлімі.