Суицидтің құрбандары жасаруда
Соңғы жылдары адамдардың өз-өздеріне қол салу әрекеттері жиі орын алуда. Қазіргі кезде дүниежүзілік Денсаулық Сақтау Ұйымының дерегі бойынша еліміздің азаматтарының өз өмірлерін қиюы бойынша әлемде үшінші орында тұр.
Көпшілікті алаңдатып отырған «суицид» деп аталатын осы дерттің, еліміздің болашағы деп санаған жас буын өкілдерін жағалауы елді алаңдатарлық жай.
Бұрын «суицид» жасы ұлғайған, балаларынан қайыр болмай, қараусыз қалған немесе аурудан әбден қажыған үлкен кісілердің арасында көбірек кездесетін. Соңғы кездері оның жасарып бара жатқандығы жиі айтылатын болып жүр. Өз-өзіне қол жұмсау әсіресе өтпелі кезең жасөспірімдер арасында белең алуда. Өмір болған соң адамның ішкі жан дүниесінде үлкен күйзелістер болмай тұрмайды. Осындай қауіпті кезеңдерде олардың жан дүниесін түсініп, адамды тығырықтан шығар жол сілтейтін жақыны болуы керек-ақ. Бұлай дейтініміз бүгіндері көптеген ата-ана күйбің тірлікпен жүріп, баласында қандай проблемалардың туындағанын, көңіл күйі қандай екендігін білмейді, оған арнайы уақыт бөле алмайды, тіпті бас ауыртпайтындары да кезігеді. Осындайда балалар ішкі күзелісін ешкімге айта алмай, булығып, тығырықтан шығар жол таба алмай, онымен тек өзі ғана арпалысады. Ақыры осындай өкінішті жайтқа әкеп соғады.
Суицидттік әрекеттер көбінесе қандай жағдайда болады?
Әр баланың мінезі жүре қалыптасады. Кейбір кездері әртүрлі оқиғаға бала жүрегімен беріледі, өзінше қайғырады содан барып түрліше мінез көрсететін кездері болады.
1. Әке-шешенің айрылысуынан, үлкендердің өз уайымы өздерінде болады, бұл балаға кері әсерін тигізеді, бала осы уақытта кез-келген нәрсені жүрегіне жақын қабылдайды.
2. Жақын адамын жоғалту; бала өзіне жақын адамды жоғалтқандықтан мінезі өзгеріп, уайым пайда болады.
3. Отбасындағы кері көзқарас; ұрсу, соғу, жәбірлеу, намысына тиетін сөздер айту, баланың өзін басқа баладан кем сезінуі.
Тәуекелге баратын жасөспірімдер:
1. Қиын жасөспірімдер
а) Ата-анасының қарауынсыз қалған балалар;
б) Мүгедек балалар
в) физикалық және психикалық даму кемістігі бар балалар;
Өзін-өзі бағалауы төмен балалар:
а) Тез ренжігіш;
б) Депрессияға жеңіл түсетін балалар;
Өзіміз көріп отырғандай, суицидтік әрекеттер тамыры тереңге кеткен әртүрлі әлеуметтік жағдайлардан болатыны белгілі. Сондықтан осындай балаларға жекелей жұмыс яғни, педагогикалық әдістеме керек.
Суицидтің алдын алу мақсатында жүргізілетін негізгі жұмыстар:
1 Әлеуметтік педагог пен бала арасында сенім қалыптастыру;
2 Бала отбасымен тығыз байланыста болуы;
3 Баланың балалық шағын қорғау үрдістерін іске қосу;
4 Әлеуметтік қорғау туралы мағлұматтармен танысу;
5 Балаға жеке кеңес беру; (құпия түрде көмек көрсету)
6 Психодиагностикалық жұмыстар жүргізу (суицидтік әрекеттерді, көңіл күйді, ойды анықтау мақсатында);
7 Сенім телефоны немесе сенім жәшігінің жұмыс істеуі;
Әлеуметтік педагог жұмысындағы ең маңызды әдістр, яғни әңгімелесу, бақылау, сауалнамалар жүргізу, тест, сұхбаттасу және түрлі тақырыпта семинар, тренингтер арқылы суицидтік әрекет пен ойларды зерттеуге болады.
Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы