АУЛА АРАЛАУ – ЖЕКЕ ЖҮЗДЕСУ!

Боралдай ауылдық округінің әкімі Б.Абдалиев Көлтоған ауылының Абай және Б.Момышұлы көшелерінің тұрғындарымен жеке кездесулер ұйымдастырып, тұрмыс жағдайларымен танысты.
Қошқарата ауылдық округінің әкімі М.Телеушов Қошқарата ауылының Абай және Б.Үсенов көшелерін аралап ауыл тұрғындарымен үй аулаларында кездесулер өткізді.
Округ әкімдері ауыл тұрғындарына мемлекеттік бағдарламалар туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, көкейлерінде жүрген сұрақтарына жауап берді.

Жуалы ауданы әкімдігі