Мүмкіндігі шектеулі жандар үшін 72 нысанды бейімдеу жұмыстары жүргізілуде

Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексіне сәйкес, заңды тұлғалар мүгедектігі бар адамдарға ортақ пайдаланылатын тұрғын үйлерге, қоғамдық және өндірістiк үйлерге, ғимараттар мен үй-жайларға кедергiсiз кiрiп-шығуына, еркiн бағдар ұстануы мен жүрiп-тұруына ұлттық стандарттарға сәйкес жағдай жасауға мiндеттi.
Ауданда мүмкіндігі шектеулі жандардың әлеуметтік нысандарға кедергісіз кіріп-шығуын қамтамасыз ету жолға қойылған.
2022-2025 жылдары аудан бойынша барлығы 72 нысанды бейімдеу жоспары бекітілген.
Соның ішінде, 2022 және 2023 жылдары барлығы 30 нысан бейімделеді, яғни жылына 15 нысанда бейімдеу жұмыстары атқарылуы тиіс.
Барлық нысан басшылары мен шаруашылық жөніндегі жауапты мамандарына бейімдеудің тиісті стандарттары таратылып беріліп, түсіндіру жұмыстары жүрзіліп келеді.
Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 83 бабына сәйкес, 1) мүгедектігі бар адамдардың әлеуметтік және көліктік инфрақұрылым объектілеріне қол жеткізуін қамтамасыз етпеу, 2) мүгедектігі бар адамдардың мәдени ойын-сауық іс-шараларына қол жеткізуі үшін жағдайларды қамтамасыз етпеуге байланысты әкімшілік жауапкершілікке тарту көзделген.

Сарысу ауданы әкімдігі