Күнбағыс тұқымының шығыны өтелуін сұрады

ҚР Парламенті Сенатының депутаты Сәкен Арубаев Жамбыл облысына жұмыс сапары аясында Қордай ауданында болды.
Сенат депутаты Сарыбұлақ ауылдық округіндегі «Самғау» шаруа қожалығының егістік алқабын көрді.
Шаруа қожалық жетекшісі Евгений Трубников биыл 130 гектарға күнбағыс, 47 гектарға арпа, 200 гектарға дәндік жүгері, 90 гектарға қант қызылшасын орналастырғанын айтып, көкейдегі мәселелерінде айтып өтті.
— Биыл ғылыми негізде испандық мамандардың көмегімен аймақта алғаш рет пилоттық жоба ретінде мына өзіңіз көріп отырған алқабқа тұқым алу үшін тамшылатып суару әдісімең күнбағыс дақылын орналастырдық. Дегенмен судан тапшылық көріп отырмыз. Біздің талап-тілегіміз егер күнбағыстан өнімді төмен алған жағдайда, шығынды өтеудің жолы қарастырылса. Мысалға, егер бау-бақша яғни қарбыз басқа да дақылдың шығынан өтеуге гектарына 400-500 мың теңгеден беріледі деген ақпарат естідім. Күнбағысқа да осылай төленсе, — деді ол.
Жалпы Қордай өңіріндегі 36000 мың суармалы алқаптың бүгінгі күнгі ақпаратына сәйкес, 6000 гектарына су жетпей отыр.
Сәкен Қаланұлы шаруа мәселесін мұқит тыңдап, шығынды басқада дақылдармен бірдей есептеуге жұмыс жүргізетінін, өтініш назарға алынғанын жеткізіп, мұндай пилоттық жобаға қолдау көрсету қажеттігін атап өтті.

Қордай ауданының әкімдігі