Инвесторлар Жамбыл облысында полипропилен қаптарын шығаратын зауыт салуға ниетті
Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Қанатбек Мәдібек «Arion Invest Eco-Plast» ЖШС компаниясының өкілдерімен кездесті.
Тараптар «Тараз химиялық паркі» АЭА аумағында полипропилен қаптарын өндіру жобасын талқылады.
Жоба жетекшілері Ілияс Қуанышев пен Әлібек Сүлейменов өз мүмкіндіктері мен алдағы жоспарларын баяндады. Жаңа зауыттың жобалық қуаты – жылына 24 миллион дана қап шығару. Кәсіпорын өнімді экспортқа және ішкі нарыққа өткеретін болады. 200-ден астам жаңа жұмыс орнын ашу жоспарлануда.
Кездесу барысында әлеуетті инвесторларға ұсынылатын қолдаулар, инновациялық технологияларды енгізу, алдағы тиімді ынтымақтастықты нығайту мәселелері талқыланды.
Жамбыл облысы әкімдігі