«Өрлей бер өркениетке өсер елім»

Аудандық орталық кітапхананың ұйымдастыруымен орталық алаңда жазғы оқу бағдарламасы аясында Т. Рысқұлов ауданының 85 жылдығына орай «Өрлей бер өркениетке өсер елім» атты әдеби арбат өткізілді.
Тағылымы мол іс-шарада дүниеде ештеңе теңестірілмейтін білім бұлағының көзі, ғасырдан-ғасырға адамзат тарихының керуенін сүріндірмей әкеле жатқан парасаттылық пен білімділіктің киелі ордасы кітапхана мен Құлан өңірінен шыққан ақын—жазушылардың еңбектері туралы айтылды.
Шараға жиналған көрермендерге арнайы ұйымдастырылған «Т.Рысқұлов 85 жыл», «Сиқырлы әлемге толы кітаптар», «Шежірелі Т.Рысқұлов, қазыналы Құланым» атты кітап көрмелеріне шолу жасалса, кітапхананың жас оқырмандары өлең шумақтарын оқып, өз өнерлерін паш етті.
Көрермендермен сұрақ-жауап ретінде «Kinder» және «Book bingo» ойындары ойнатылса, кітапхана қызметкерлері әннен шашу шашып, «Әдеби арбат» ретро стильдегі фотозоналар жиналған аудан жұртшылығына көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.

Тұрар Рысқұлов Ауданының Әкімдігі