ТАҒАЙЫНДАУ

Өмірқұлов Жасұлан Бейшенқұлұлы ​аудан әкімінің 2023 жылғы 03 тамыздағы №219-ө/жқ өкімімен Т.Рысқұлов аудан әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы болып тағайындалды.
Өмірқұлов Жасұлан Бейшенқұлұлы
​1992 жылы 4 қарашада Жамбыл облысы Т.Рысқұлов ауданында дүниеге келген. Ұлты қазақ.
Білімі: Жоғары.
​2014 жылы Л.Гумилев атындағы Евразия ұлттық университетін «Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету» мамандығы бойынша бітірген.
​2016 жылы Халықаралық Тараз инновациялық институтын «Құқық» мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолы:
​2014 жылы Т.Рысқұлов атындағы аудандық ішкі істер бөлімінде келісім шарт негізінде бағдарламашы маманы болып бастаған.
​2015 жылы қаңтар-мамыр айларында Т.Рысқұлов атындағы аудандық ішкі істер бөлімінде келісім шарт негізінде құжат рәсімдеуші маманы.
​2015-2016 жылдары Т.Рысқұлов атындағы аудандық ішкі істер бөлімі әкімшілік полиция бөлімшесінің учаскелік полиция инспекторлары тобының учаскелік полиция инспекторы.
​2016-2017 жылдары Т.Рысқұлов атындағы аудандық ішкі істер бөлімінде келісім шарт негізінде құжат рәсімдеуші маманы.
​2018 жылы ақпан-наурыз айлары Т.Рысқұлов ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінде Жастар тәжірибесі бағдарламасы бойынша білімін тәжірибемен ұштастырушы.
​2018 жылы наурыз-сәуір айлары Арнайы тексеруден өткенге дейін Ақбұлақ ауылдық округі әкімінің аппараты бас маманы.
​2018-2020 жылдары Т.Рысқұлов аудан әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің бас маманы.
​2020 жылдың қазан айынан бүгінгі күнге дейін Т.Рысқұлов аудан әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі»нің сектор меңгерушісі лауазымын атқарған.
Үйленген, 4 бала тәрбиелеуде.

Тұрар Рысқұлов ауданының әкімдігі