ҚАРАСАЗДАҒЫ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРМЕН КЕЗДЕСУ.

«Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдасы аясында ағымдағы жылдың 4 тамыз күні Қарасаз ауылдық Мәдениет үйінде Жуалы ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Ғазиза Тоқсабайқызы Естаева шығармашылық қызметкерлерімен кездесу өткізді.
Кездесу барысында Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 28 наурыздағы «Қазақстан Республикасы мәдени саясатының 2023 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасын бекіту туралы» № 250 қаулысы, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 12 қазандағы «Ұлттық рухани жаңғыру» ұлттық жобасын бекіту туралы № 724 қаулысын негізге алу бойынша мәліметтер берілді.
Сонымен қатар, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ұлттық құрылтайдың «Әділетті Қазақстан – Адал азамат» атты екінші отырысында берілген тапсырмалары түсіндірілді.
«AMANAT» партиясының 2023-2027 жылдарға арналған Сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі облыстық жол картасының орындалуы туралы ақпараттар сараланды.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 12 қазандағы «Ұлттық рухани жаңғыру» ұлттық жобасын бекіту туралы № 724 қаулысын негізінде «Оқитын ұлт» жобасы шеңберінде халықтың кітап оқу белсенділігін арттыру көрсеткішіне қол жеткізу бойынша жоспарлармен таныстырылды.
Кездесу соңында мәдени саланың қызметкерлері сауалдарын қойып, пікір алмасты.

Жуалы ауданы әкімдігі