Жалынға жанбаған Құран Кәрім (оқиға)
Татарстанның Чистополь қаласында екіқабатты қалалық әмбебап дүкен өртеніп кетті. Салдарынан көрмеге әкелінген үй жануарлары өлді.
Қызыл жалын 3 мың шаршы метрге шарпыды. Өрт сөндірілгеннен кейін ғимаратты жалға алушы кәсіпкерлер мен сауда орны қызметкелері әлеуметтік желілерге үйінді арасында қалған Құран кітабын жарыса жариялады.
Суретте ешбір зақым келмеген Құран кітабы анық көрінеді (Татар тіліндегі Нұғман тәпсірі). Бұл Құран Кәрім осы ғимараттағы зергерлік бұйым бөлімінен табылған,-деп жазды «Казан фест».
Иә, бұған дейін қасиетті Құран Кәрімнің талай топан су, селден, жалындаған өрттен аман қалғанын естіп білдік. Татарстанда болған бұл оқиға Алла Тағаланың «Хижр» сүресінің 9-аятындағы: «Құранды біз түсірдік, қияметке дейін оны біз қорғаймыз»-деген уәдесінің бір дәлелі іспеттес.