ЖАҢА МЕКТЕП ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛЕДІ

Облыс әкімінің орынбасары Нұржан Календеров Жамбыл ауданы жұмыс сапарымен келіп, аудан әкімі Ерлан Қыдыралыұлымен бірге Шоқай ауылындағы білім ордасының құрылыс жұмыстарын көрді.
150 орынға шақталған №3 орта мектепте 14 кабинет, спорт зал, 2 лингофондық кабинет, 2 кітапхана, оқу, тігін, ұлдар шеберханалары, мәжіліс залымен қамтылған. Құрылыс жұмыстары аяқталған.
Нұржан Сәбитұлы мектеп құрылысын көріп, пән кабинеттерін аралады.
Жаңа оқу жылына өңірдің әзірлігін сұрап білді.

Жамбыл ауданы әкімдігі