АМАНТАЙ СҮНДЕТӘЛІ АУДАРЫСПАҚТАН ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЧЕМПИОНЫ АТАНДЫ

Еліміздің солтүстігі Қостанай қаласында ұлттық спортымыз ұлықталған дүбірлі доданың жалауы желбіреген-ді.
Нақтырақ айтсақ, жасөспірімдер арасында аударыспақтан Қазақстан Республикасының чемпионаты өткен болатын. Байрақты бәсекеде Жамбыл облысы құрамасы сапында 77 келіде бақ сынаған Амантай Сүндетәлі жеңімпаз атанды.
Айта кетейік, ел чемпионы атағын 15 командадан, 160-қа жуық палуан сарапқа салған-ды.

Талас ауданы әкімдігі