Ұлттық жоба
«Қуатты өңірлер — ел дамуының драйвері» ұлттық жобасы.
️Бауыржан Момышұлы әкімшілігінің мәжіліс залында «Қуатты өңірлер — ел дамуының драйвері» ұлттық жобасын насихаттау бағытында Ұлытау облысының делегациясы кездесу өткізді. Кездесуді Жуалы ауданы «Мансаптық орталық» филиалының басшысы Нұрбол Кәрібайұлы Құрмашев ашып, жүргізіп отырды.
️Ұлттық жобаны «Ұлытау облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» мемлекеттік мекемесінің басшысы Нұржан Серікұлы Орынбаев 2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі Ұлттық жобаны түсіндіріп, бағдарламаның маңыздылығын түсіндірді.
️Делегация құрамында «Ұлытау облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» мемлекеттік мекемесінің бөлім басшысы Ляззат Жандарбековна Амангельдина, «Ұлытау облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының Еңбек мобильділігі орталығы» КММ директоры Айдар Саятович Қойшыбаев, «Ұлытау облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының Еңбек мобильділігі орталығы» КММ бөлім басшысы Гүлим Сапаровна Даниярова, «Жезқазған қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы Әбен Берік Абдыкамалұлы, сектор меңгерушісі Бекішев Абай Данаұлы, Ұлытау ауданы «Мансап орталығы» филиалының басшысы Аманжолов Баянкул Курмангалиевич, маманы Сыздыкова Диана Бериковна, Жаңаарқа ауданы Айнабұлақ ауылдық округінің әкімі Адикамов Жанғозы Мұратұлы, Жаңаарқа ауданы Жұмажанов ауылдық округінің әкімі Букербаев Думан Зейнуллахабдинұлы болды.
️Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітілген «Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері» жалпыұлттық жобасын іске асыру шеңберінде көшіп-қонушылар мен қандастар арасынан жұмыс күшінің ұтқырлығын арттыру мақсатында адамдарды ерікті түрде қоныстандыру туралы ақпараттармен таныстырды.
️Оңтүстіктен Орталық Қазақстанға жұмыс іздеп жүрген адамдар, жұмыссыздар, ерікті түрде қоныс аударушылар ниет білдіре алады. Көшіп-қону үшін материалдық көмек көрсетіледі.
️Аудан әкімінің орынбасары Анар Садыққызы Ахметова «Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері» жалпыұлттық жобасы туралы пікірін білдіріп, тиімді тұстарын атап көрсетті.
️Аудан тұрғындары толық қоныс аудару ережесімен, қолдау шараларымен танысып, өзекті сауалдарына жауаптар алды. Кездесу соңында бос жұмыс орындарына жәрмеңке, сұхбат ұйымдастырылды.
Жуалы ауданы әкімдігі