Жамбыл облысында минералды тыңайтқыштар шығаратын ірі химия кешені іске қосылады


2023 жылғы қаңтар-шілдеде облыстың негізгі капиталына инвестициялар көлемі 241,0 млрд. теңгені құрады, өсім – 15,9%. 2023 жылдың қорытындысы бойынша негізгі капиталға 572,2 млрд. теңгеге дейін инвестиция тарту жоспарлануда. Ағымдағы жылы 491 жұмыс орнын құра отырып, жалпы сомасы 84,1 млрд.теңгеге 18 инвестициялық жобаны іске асыру жоспарлануда. 2027 жылға дейін 6 мың жаңа жұмыс орнын құра отырып жалпы сомасы 3 трлн. теңге болатын 60 инвестициялық жобаны іске асыру көзделуде.

Апта сайын өтетін 38 инвестштаб отырысында 95 жоба қаралып, 70 млрд. теңге инвестиция тартылды.

Жамбыл облысы әкімдігі