Кеншілер қауымы тұрғындарға көтеріңкі көңіл күй сыйлады
Кеншілер қауымы тұрғындарға көтеріңкі көңіл күй сыйлады
Жұма күні Жаңатас қаласындағы аудандық мәдениет үйінің алдында «Қазфосфат ТКӨК» ЖШС-і ұжымының ұйымдастыруымен «Саялы өлкем — Сарысуым» атты мәдениет және өнер фестивалінің аясында мерекелік концерттік бағдарлама өтті.
Ауданымыздың 95 жылдық мерейтойына орай өтіп жатқан фестивальде кеншілер қауымы қала тұрғындарына көтеріңкі көңіл күй сыйлады.
Кәсіпорынның өнерпаздары әуелете ән щырқап, мың бұрала би биледі.
Көрермендерге аудан тарихына арналған викториналық ойындар ойнатып, балаларға спорт түрлерінен жарыстар ұйымдастырды. Ойынға белсене ат салысқан көрермендер қаржылай сыйлықтармен марапатталды.
Айта кету керек, ауданымыздағы іргелі кәсіпорын, тау-кен өңдеу кешені аудан өміріне, қоғамдық, мәдени шараларға белсене ат салысып келеді.
Сарысу ауданы әкімдігі