Облыстың бас педагогы Мойынқұмда
Бүгін Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының басшысы Мейірхан Өмірбек іссапармен ауданда болды. Сапарын Қарабөгет ауылындағы апатты жағдайда тұрған А.Байтұрсынов атындағы орта мектептің жағдайымен танысудан бастап, сол жердегі оқу процесін тоқтатпау мақсатында аудан тарапынан ұйымдастырылған жұмыстармен танысты. Содан кейін, Бірлік және Айдарлы ауылындағы мектептердің күрделі жөндеу жұмыстарының барысымен танысты. Білім нысандарын аралау кезінде облыстың бас педагогымен бірге болған аудан әкімі Әлихан Балқыбеков пен аудандық білім бөлімінің басшысы Жайдар Жазықбаевқа күрделі жөндеу жұмыстарының 1 қыркүйектен кеш аяқталуына байланысты
оқу процесінің тоқтамауын қамтамасыз ету керектігін баса айтып, тиісті тапсырмалар берді.