100 жылдық әулет
Соколов полиция бөлімшесінің ардагерлер ұйымы Соколов ауылдық кітапханасының қызметкерлерімен бірлесіп “Заң күзетінде” атты тарихи-танымдық альманах дайындады. Мұнда бөлімшенің ғасырлық тарихы айтылады. Альманахта ерекше қызметкерлерге, олардың тағдырлары мен ерліктеріне, сондай-ақ полиция әулеттеріне көп орын бөлінген. Олардың бірі- Магомедовтар әулеті, оның өкілі- Магомедов Хасан Петропавл станциясындағы ЖПб-де қызмет етеді.
Сонау 1923 жылы алыстағы Шешенстанда ІІО-да Кодо Магомедов өз қызмет жолын бастаған. Ол 30-жылдары бандиттердің қолынан қызмет бабында қаза тапқаннан кейін отбасы Қазақстанға жер аударылды, ал балалары, немере-шөберелері батыл ата жолымен ІІО-да қызмет жолын жалғастыруда. Бүгінгі күні Магомедовтар әулетінің өкілі полиция қызметінде, оның төртінші ұрпағы жалғастыруда.
Ұлы Отан соғысы жылдарында Магомедовтарды басқа да қоныс аударушылармен бірге Солтүстік Қазақстан облысына қоныс аударған. Солтүстіктің жері олар үшін нағыз Отаны болып саналады. Кодоның немерелері Руслан мен Салах осы өлкеде СҚО Булаев ауданы Возвышенко ауылында дүниеге келді. Олар екеуі де аталарының және ІІО саласында 40 жылдай еңбек еткен Харон әкелерінің жолын қуып қылмыспен күресу жолында қызмет атқарды.
Осы әулеттің төртінші ұрпағы Салах Хароновичпен Макки Имрановнаның ұлы Хасан Магомедов Петропавл ст. ЖПб КПб аға жедел уәкілі болып 10 жыл қызмет атқарып, міне 3 жылдан бері осы бөлімнің кезекші бөлімінде аға кезекші-инспекторы болып қызметін жалғастыруда.
Хасан Салахұлы 1988 жылы Солтүстік Қазақстан облысы Соколов ауылында полиция қызметкерлері отбасында дүниеге келген. Бала күнінен ағасы екеуі атасы мен әкесінің жолын жалғастыруды мақсат етіп өскен.
«Мені мектеп бітірген соң , қандай мамандық таңдасам болады , деген ой мазалаған жоқ. Өйткені , ата-әке жолын қуып, полиция қызметкері атануды жас кезімнен мұрат еттім. Өмірдегі жолымды таңдау кезінде нағыз ер азаматқа лайық қызмет- бұл полиция саласы екенін түсіндім»,- дейді Хасан.
— «Біздің отбасымызда полиция мамандығына үлкен жауапкершілікпен, аса құрметпен қарайды»,- дейді ол.
Магомедовтар әулетінің ішкі істер саласында қызмет ете бастағандарына биылғы жылы тамыз айында 100 жыл толып отыр. Біз Магомедовтар отбасын ішкі істер органдарындағы қызметтің жүз жылдық мерей тойымен құттықтаймыз!!!
Петропавл станциясындағы ЖПб