Табысты мектеп – ел болашағының кепілі

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев «Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» Жолдауында білім беру саласы қызметкерлерінің алдына үлкен міндет қойды. Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламаны іске асыру және «100 нақты қадам: баршаға арналған қазіргі заманғы мемлекет» ұлт жоспары белгіленген негізгі міндеттерді шешуде білім беру жүйесін дамыту жаңаруға бет алды.

         Елбасы өз жолдауында: «Орта білім жүйесінде жалпы білім беретін мектептерді Назарбаев зияткелік мектептеріндегі оқыту деңгейіне жеткізу керек. Мектеп түлектері қазақ, орыс және ағылшын тілдерін білуге 2тиіс. Оларды оқыту нәтижесі оқушылардың сындарлы ойлау, өзіндік ізденіс пен ақпаратты терең талдау машығын игеру болуға тиіс»,- деп алдағы уақытта жарқын өмір сүруге, дамыған, бәсекеге қабілетті елдер қатарына енуге құлшынысы бар, күрделі мәселелерді ойлай алатын және шеше білетін жаңа ұрпақ – тұлға тәрбиелеуге талап қойды. «Ұлттық білім берудің барлық буынының сапасын жақсартуда бізді ауқымды жұмыс күтіп тұр. Сондықтан олар заманауи бағдарламалар мен оқыту әдістемелерін, білікті мамандар ұсыну маңызды» деп атап көрсетті. Бүгінде барлық білім беру салалары орта білім беру жүйесінде жоғары деңгейге қол жеткізген әлемдік оқыту әдістемелеріне негізделген Назарбаев Зияткерлік мектептерінің іс-тәжірибесін басшылыққа алуда. Бұл оқыту мен оқу үдерісінде мұғалім құзыреттілігін дамытып, оқу тәжірибесіне жаңа әдіс-тәсілдерді оқып-үйренуіне ықпал етіп қана қоймайды, облыс ұстаздарының идеяларына қолдау көрсетіп, кәсіби біліктілігін арттыруға да бағыт-бағдар беріп келеді.

         Елбасының алға қойған міндеттерін шешу білім беру жүйесін дамытудың стратегиялық бағыттарын жүзеге асыру болып табылады. Басты бағыт ҚР-да білім беруді және ғылымды дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасында көрсетілген.

1        

«Назарбаев зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымдарының іс-тәжірибесін насихаттау және тарату мақсатында республикамызда 35 тірек мектептері бекітілді. Осы мектептердің қатарында Атырау қаласындағы №31 мектеп-гимназиясы мен Ж.Қаражігітов атындағы №16 мектеп-лицейі бар. Сондай-ақ, 12 жылдық білім берудің жаңа жобасын апробациядан өткізу экспериментіне Атырау облысы бойынша екі мектеп (1-қала, 1-село) бекітілген. Олар: Атырау қаласы, №17 мектеп-лицейі мен Исатай ауданы, Ж.Мырзағалиев атындағы орта мектеп. Назарбаев зияткерлік мектептерімен өзара тәжірибе алмаса жұмыс жасау – үлкен құрмет, әрі жауапкершілігі мол міндет.

6

         Облыста «НЗМ» дербес білім беру ұйымдарының іс-тәжірибесін облыс мектептеріне тарату мақсатында 2014-2015 оқу жылында төрт тірек мектептеріне қала, аудандардан 20 магниттік мектептер бекітілді. Облыстық әдістемелік кабинетінің әдістемелік кеңесінде тірек және магниттік мектептердің ережесі бекітіліп, жоспары жасақталды.

Жоспарлы жұмыс «НЗМ: тәжірибе, проблема, жаңашылдық» тақырыбында ұйымдастырылып, мақсат, міндеттері айқындалды.

Біздің алдымызда тұрған ортақ міндет – мұғалімдердің жан-жақты дамуына жағдай жасау, ғылыми ізденіске баулу. Сондықтан барлық деңгейдегі әдістемелік жұмыстардың жаңашылдығы – мұғалімдердің кәсіби өсуіне ықпал ету. 

 Білім берудің әртүрлі нұсқадағы мазмұны, құрылымы, ғылым мен тәжірибеге негізделген жаңа идеялар мен жаңа инновациялық технологияларды зерттеп, оны өз іс — тәжірибемізде қолдану арқылы оқу — тәрбие процесінде шығармашыл білімді тұлғаның дамуына мүмкіндік береді.

5

Жүйелі жоспар, нәтижелі сабақ, шығармашыл — ізденімпаз ұстаз ұйымдастырған жұмыстың нәтижесінде шығармашыл тұлға жаңалыққа бейім болып, қазіргі әлеуметтік сұранысқа сай, өздігінен ғылыми ізденістер мен зерттеулер жасайтын, өзін — өзі дамытатын, белсенді әрекетке түсе білетін, тез шешім қабылдайтын, жүйелі түрде өзіне-өзі баға беріп, рефлексия жасап отыратын, мәдениетті, эрудициясы жоғары, эстетикалық талғамы бар білімге, өнердегі жаңалықтарға қызығушылығы басым, шығармашылықпен өзін-өзі үздіксіз дамытып отыратын шәкірттер қалыптастыру бағытындағы мұғалімдердің жұмыстарына әдістемелік көмек беру біздің басты міндетіміз. Осыған орай, төменгідей бағыттағы әдістемелік шаралар, семинарлар мен коучингтер ұйымдастырылды. Атап айтқанда, Педагогикалық шеберлік орталығымен бірлесе отырып «НЗМ: оқушылардың оқу жетістіктерін критериалды бағалау», бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған «Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер», тимтичинг (teamteaching) әдісімен «Мектепте сын тұрғысынан ойлауды дамыту», «Педагогикалық рефлексия-кәсіби құзіреттілікті дамыту факторы», «Оқу мен оқытуға жаңа тәсілдер енгізу аясында заманауи мұғалімнің педагогикалық шеберлігін дамыту», Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығы аясында Атырау қаласындағы химия-биология бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебімен бірлескен «Мәңгілік елге: табысты мектеп, шығармашыл педагог, бәсекеге қабілетті оқушы» тақырыбындағы семинарлары өткізілді.

                      3       4

XXI -ғасыр мұғаліміне қойылатын талаптар зор. Мұғалім өзіндік жеке көзқарасы бар, соны қорғай білетін, жігерлі тұлға зерттеушілік, ойшылдық қасиеті бар маман, білімді де білікті көп оқитын, көп білетін, білімін күнделікті ісіне шебер қолдана алатын оқушының  өз бетінше білім алуына үйрете алатын болуы керек. Қазіргі мұғалімде ұйымдастырушылық, құрылымдылық, бейіміділік, сараптамалық қабілеттері болуы тиіс.Ол сонымен бірге ұлттық құндылықтарды яғни этнопедагогика, этнопсихология негіздерін меңгерген, ғаламдасуға байланысты «Интернет» жүйесін меңгерген, әлемдік білімге сай, мәдениеті жоғары жеке тұлға тәрбиелей алатын ұстаз болу керек.    XXI -ғасыр ақпараттық-қоғам дәуірі, технологиялық мәдениет дәуірі, айналадағы дүниеге, адамның денсаулығына байланысты, кәсіби мәдениеттілігіне мұқият қарайтын дәуір. Мұғалім — қоғам  айнасы. Бүгінгі мұғалім –ана, бала бағбаны, қоғам қайраткері, оқытушы, ұстаз, оқулық авторы, технолог, жаңалықты дәріптеуші, таратушы.Сондықтан мектептерде мұғалімге кәсіби шеберлігі, мәдениеті жоғары болып, шығармашылықпен жұмыс атқарып, өз білімін үнемі көтеру қажеттігі туындайды. Біз Атырау облысы педагогтары арасында осы бағыттағы жұмыстарға қолдау жасай отырып, олардың іс-тәжірибесінің таратылуына мүдделіміз.

Нұрила Құлбалиева,

Атырау облыстық әдістемелік кабинеттің әдіскері