Мақсатымыз – ауыл спортын дамыту
Аудан аумағында 184 спорт нысаны тұрғындарға қолжетімді әрі ақысыз түрде қызмет көрсетіп келеді.
Бүгін аудан әкімі Ернар Есіркеповтің төрағалығымен өткен кезекті аппараттық кеңесте аудан әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы атқарған жұмыстары жөнінде баяндады.
Жалпы ағымдағы жылдың 7 айында аудан бойынша барлығы 126 бұқаралық-спорттық іс-шара ұйымдастырылып, аталған іс-шараларға 13507 адам қамтылған.
Осы орайда, аудан басшысы бұқаралық спорт түрлеріне жастарды көптеп қамтуды, сонымер қатар, мүмкіндігі шектеулі азаматтарға арналған іс-шараларды көптеп ұйымдастыруды тапсырды.
Сондай-ақ, елді мекендердегі футбол алаңдарын, стрит воркауттарды, басқа да спорт нысандарын күтіп ұстап, ретке келтіруді тапсырды.
Күн тәрітібінің екінші мәселесінде аудан әкімдігінің жер қатынастары бөлімінің 7 айда атқарған жұмыстары, соның ішінде ауыл шаруашылығы мақсатындағы пайдаланылмай жатқан, елді мекен шегінде кәсіпкерлік мақсатта беріліп игерілмеген жер телімдерін қайтару және ауыл тұрғындарына кедергісіз мал жаюға жағдай ұйымдастыру мәселелері талқыланды.
Ауданның жалпы жер көлемі 908 691 гектар, оның ішінде ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер – 761605 гектарды, елді мекен жерлері – 25215 гектарды және орман қоры 61853 гектар жерді құрайды.
Тұрар Рысқұлов ауданының әкімдігі