ТАЛАС АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

Талас ауданы әкімінің өкімімен Шалдаров Жайықбай Шалдарұлы Талас ауданы әкімінің орынбасары болып тағайындалды.
Жайықбай Шалдарұлы 1976 жылы туған. М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін «экономикалық кибернетика», Солтүстік Қазақстан Заң академиясын «құқықтану», Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясын «саясаттану» мамандықтары бойынша бітірген.
Ол еңбек жолын 2000 жылы Солтүстік Қазақстан облысы Есіл аудандық қаржы басқармасының жетекші маманы болып бастаған.
Әр жылдары Солтүстік Қазақстан облысы Соттар әкімшісінің Есіл, Аққайың аумақтық бөлімдерінің сот, аға сот орындаушысы, Солтүстік Қазақстан облысы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары департаментінің бас маман-заңгері, бөлім бастығы, Солтүстік Қазақстан облысы Соттар әкімшісінің бөлім бастығы, Сот актілерін орындау департаменті бастығының орынбасары, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі сот актілерін орындау комитеті Солтүстік Қазақстан облысы сот актілерін орындау департаменті бастығының міндетін атқарушы, Жамбыл облысы Сот актілерін орындау департаментінің басшысы, Әділет департаменті басшысының орынбасары, құрылыс басқармасының басшысы, орынбасары, Тараз қаласы әкімінің орынбасары, Жамбыл облысы әкімінің кеңесшісі лауазымдарында еңбек еткен.
2022 жылдың желтоқсан айынан бастап Жамбыл облысы әкімдігінің мемлекеттік сатып алу басқармасының басшысы лауазымында қызмет атқарып келді.
Аудан әкімі Нұрбол Әбдімажитұлы өзінің жаңа орынбасарын таныстырып, Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау, өңірді өркендету бойынша нақты міндеттер жүктеп, жұмысына сәттілік тіледі.

Талас ауданы әкімдігі