СПОРТТЫҚ ЖАРЫС

Бүгін аудан әкімдігінің денешынықтыру және спорт бөлімінің «Бұқаралық спортты дамыту орталығы» мекемесіні ұйымдастырумен 30 тамыз Конституция күні мерекесіне орай, Жаңатас қаласындағы спорт кешенінде STREETBALL-дан жарыс өтті.
Жарысқа аудан мекемелерімен қатар, қала тұрғындары да қатысты.
Тартысты өткен жарыстың қорытындысы бойынша 1 орынды «Қазфосфат ТКӨК» ЖШС-нің командасы иеленіп, жеңімпаз атанса, жүлделі 2 орынды Ш. Уалиханов мектеп- гимназиясының командасы, 3 орынды Жаңатас қаласының 6 ықшам ауданы тұрғындарынан құралған команда иеленді.
Жарыс жеңімпаздары мен жүлдегерлері ұйымдастырушылар тарапынан арнайы тағайындалған кубокпен, дипломдармен және медальдармен марапатталды.