Терроризммен күрес – ортақ парыз!

Терроризм туралы білумен қатар, оның саяси – әлеуметтік құбылыс ретінде кез-келген уақытта орын алып жататыны белгілі.
Дәл қазір Талас аудандық тероризмге қарсы комиссияның кезектен тыс отырысы өтуде.
Комиссияның мүшесі ретінде қатысып, күн тәртібіндегі мәселелерге қанық болдым.
Күн тәртібіндегі бірінші мәселе террористік тұрғыдан осал нысандардың паспортталуы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету және қорғалу деңгейінің заң талаптарына сәйкестігі бойынша атқарылған іс-шаралар туралы аудандық полиция тарапынан кеңінен баяндалды.
Сондай-ақ, мешіт имамдарының бірліктерін арттыру, олардың әлеуметтік-тұрмыстық жағдайларын көтеру бойынша қабылданған шаралар бойынша ішкі саясат тоқталып өтті.
Ал, тероризмге қарсы іс-қимыл бағытындағы Бостандық және Тамды ауылдық округтеріндегі атқарылған жұмыстардың тиімділігі мен нәтижесі туралы округ әкімдері айтты.
Ақиқатында экстремизм мен терроризм бүгінгі таңда ең өзекті мәселе болып отыр.
Жалпы, қоғамда терроризм мен экстремизмге қарсы жағымсыз көзқарас қалыптастырудың маңызы өте зор.
Бізде көп жағдайда жастардың саяси сауаттылығын арттыру тек ғаламтор жүйесіндегі ақпараттармен ғана шектеліп жатады.
Дегенмен сөздің емес, істің нәтижесінің жоғары екендігі белгілі.
Осы мақсатта алдағы уақытта да біргелікте жұмыс атқаратын боалмыз.
Терроризмге қарсы күрес – әр азаматтың парызы.