ҚАРАТАУ АУДАНЫНДА 15 КӨШЕ ЖӨНДЕУДЕН ӨТТІ
Шымкент қаласы Қаратау ауданы аумағында жалпы ұзындығы – 631 шақырымды құрайтын 595 көше бар. Оның 364 шақырымы асфальт, 233 шақырымы шағал тас болса, 33 шақырымды топырақ көшелер құрайды.
2023 жылы 50 шақырымды құрайтын 70 көше асфальттау жоспарланған. Қазіргі уақытта 15 көшенің құрылыс жұмыстары аяқталып пайдалануға берілген.
Сонымен қатар биыл 41 көшеге (33 км.) шағал тас төсеу жұмыстары атқарылады.
Жалпы 2023-2025 жылдар аралығында инфрақұрылымды дамытудың 2020 — 2025 жылдарға арналған «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы аясында Қаратау ауданында 441,2 шақырымды құрайтын 466 көшеге асфальт төсеу жұмыстары жүргізілетін болады.
Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі