✅ МОЙЫНҚҰМДА ЖАНАРМАЙ БЕКЕТІ САЛЫНБАҚ

🔰 Ағымдағы жылдың 23 тамыз күні басқарма басшысы Мойынқұм ауданында бірқатар жер телімдерін аралады.
🔹Әуелі жаңадан бой көтеріп жатқан Жанармай бекетінің құрылысымен танысты. Құрылыс нысаны арнайы инвесторлардың тартылуымен жүзеге аспақ.
🔸Аумағы 13,0 гектар болатын бұл нысанның құрылысы биыл басталмақ. Сонымен қоса, ауданның игерілген жер телімдері мен ауылдық округтердің жер мәселелері бойынша алдағы атқарылып жатқан жұмыс жоспарларымен танысты.
☑️Іс-сапар аясында, тұрғындардың әлеуметтік маңызы бар сұрақтарын қарап, ауданның жер бөлімі басшылығына ұсынымдар мен тиісті тапсырмалар берілді.