ЕЛДІҢ ЕРТЕҢГЕ ДЕГЕН СЕНІМІ МОЛ

Ел Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев үстіміздегі жылдың 1 қыркүйегі күні «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Қазақстан халқына жаңа Жолдауын жолдады.
Еліміздің экономикалық жағынан одан әрі дамуына толық мүмкіндігі бар екен айтып, нақты тапсырмалар беріп, жаңа міндеттер жүктеді.
Ел экономкасын дамытуға қатысты айтылған жоспардың бәрі халықтың әл-ауқатын арттыруға, елімізді өркендетуге бағытталған деп есептейміз.
Жолдаудағы міндеттерді орындау жолында аға буын өкілдерінің де қосар үлесі зор. Біз, өткен дәуірдің өкілдері тәуелсіздіктің алғашқы жылдарынан бастап, көп қиындықтарды еңсеріп, ел игілігі үшін біраз еңбек жасадық. Қазақстан құрылысына бар күш-жігерімізді, білім мен еңбегімізді жұмсадық. Аға буын өкілдері, жастарға ерекше үміт артады. Талапты жастар өсіп келеді. Алдағы уақытта еліміздің дамуы, экономикасының артуы жолында ел игілігі үшін аянбай еңбек ете беруіміз керек.
Ең бастысы елдің ертеңге деген сенімі мол.
Жанат Жұмаділдаев
Сарысу аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы