2027 жылға дейін ауданда 172 инвестициялық жобаларды іске асыру жоспарланған
Кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімі 2023-2027 жылдар аралығындағы Сарысу ауданының даму жоспарына 172 инвестициялық жобаларды ұсынып отыр. Жалпы алдағы жылдары іске асуға тиісті 581 жобаның 33,8 пайызын құрайды. Бұл іске асуға тиісті 172 инвестициялық жобаның жалпы құны 643,7 млрд. теңге. Яғни құны 718,0 млрд. тенге болатын 581 жобаның 89,6 пайызы шағын және орта бизнестің үлесінде.
Ашылатын жұмыс орыны 1340 адамды құрамақ.
Жобаларды іске асыру болжамы:
-2023 жылы -27 жоба 801,0 млн. теңгеге (ашылатын жұмыс орыны 73 адам).
-2024 жылы -38 жоба 217 млрд 812 млн. теңгеге (ашылатын жұмыс орыны 506 адам)
-2025 жылы -36 жоба 1 млрд 90 млн. теңгеге (ашылатын жұмыс орыны 103 адам)
-2026 жылы -57 жоба 423 млрд 626 млн. теңгеге (ашылатын жұмыс орыны 593 адам)
-2027 жылы -33 жоба 631,0 млн. теңгеге (ашылатын жұмыс орыны 65 адам)
Жаңатас қаласы мен ауылдық округтер бойынша биылғы жылы жүзеге асырылатын 27 жобаның құны 759 млн. тенге болатын 24 жобасы ашылды. Жыл соңына дейін Тоғызкентте 1 жоба 15,0 млн. теңгеге іске асады деп жоспарланып отыр.
Жаңатас қаласы және ауылдық округтер бойынша:
Биыл Жаңатас қаласы бойынша 7 жоба іске асырылып, 430,0 млн. теңгені құрады. Қалған 2024-2027 жылдары жалпы инвестиция көлемі 641 млрд 389 млн теңгені құрайтын 27 жобаны іске асырылатын болады.
Байқадам ауылдық округінде алдағы 4 жылда 20 жоба жоспарланған. Биыл 4 жоба іске асырылмақшы. Қалған 16 жоба келер жылдан бастап іске аса бастайды. Бұл жобалардың жалпы инвестициялық көлемі 708,0 млн теңгені құрайды.
Жайылма ауылдық округіндегі жоспарланған 21 жобаның 2 жобасы биыл іске асып жатыр. Қалған 19 жоба келер жылдан бастап жүзеге асады. Жобаның жалпы көлемі 185,0 млн теңге.
Жаңаталап округі бойынша 10 жобаның 8 жобасы 2024-2027 жылдары іске асатын болады. Биыл ашылуға тиіс 2 жобаның біреуінің құрылысы жыл аяғына дейін аяқталады.
Жаңаарық округі биылғы жоспарлаған жобасын іске асырған. Ақтоғай ауылында құны 20,0 млн. теңгенің демалыс орыны іске қосылды. Алдағы 4 жылға 13 жобаны іске асыру қажет. Жалпы құны 277 млн. теңгені құрап отыр. «Ауыл аманаты» бойынша 14 жоба іске асырылуы қажет. Қазіргі таңда 2 жоба құжат өткізген.
Игілік ауылында биылғы жылы құны 10,0 млн теңгеге бағаланған азық-түлік дүкені іске қосылды. Алдағы уақыттарда құны 85,0 млн теңге болатын 15 жобаны іске асыру көзделіп отыр. Сонымен қатар, бұл округте де 5 жобаға «Ауыл аманаты» бойынша 5 жоба 30,5 млн теңге іске асырылуы қажет.
Қамқалы ауылдық округінде құны 90 млн теңгеге болатын 10 жобаны іске асыру жоспарланған. Биыл құны 15,0 млн теңгені құрайтын азық-түлік дүкені Шығанақ ауылынан ашылды. Енді 9 жоба жоспарда бар.
Тоғызкент ауылдық округі бойынша инвестициялық жоба құны 150,0 млн теңге болатын 22 жоба жоспарланып отыр. Оның ішінде биыл жоспарланған 5 жобаның 4-уі іске асты. Жыл аяғына дейін құны 15,0 млн. теңге болатын көлік жуу орны ашылады деп күтіліп отыр. 5 жобаның жалпы құны 28,0 млн. тенге.
Қалған жобалар алдағы жылдары іске асырылады деп күтілуде.
Түркістан ауылдық округі бойынша жалпы құны 260,0 млн теңгеге 15 жоба жоспарланған. Биыл құны 165,0 млн теңгені құрайтын 3 жоба толық іске асты. Алдағы 2024-2027 жылдары қалған 12 жобаны іске асыру жоспарда бар.
Сарысу ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімі