БОЛАШАҚҚА БАҒДАР ЖАСАЙМЫЗ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Қазақстан халқына Жолдауы елге тың серпін беріп, жаңа мүмкіндіктерге айқара жол ашып жатыр.
Жан-жақты саланы қамтып, халықтың әл-ауқатын көтеруге бағытталған Жолдауда бірқатар бағдарламалар мен жобалардың іске асатынына куә болдық. Бұл жобалар мен бағдарламалар бүгінгі қоғамда сұранысқа ие болып отырған маңызды қадамдар және болашаққа бағдар. Нақты бағдарлар айқын, тапсырылған шаруалар көп. Тек Жолдаудағы міндеттемелерді сапалы әрі тиімді орындау қажет.
Осы орайда, аудандағы ақсақалдар кеңесінің мүшелері Президент Жолдауын қолдайтынын жеткізгім келеді. Біз аға буын өкілдері жастарға жөн сілтеп, білгенімізді үйретіп, Жолдауда көрсетілген міндеттерді іске асыруға бір кісідей ат салысып, болашаққа бағдар жасайтын боламыз. Әрбір азамат еліміздің өркендеп өсуіне теңіздің тамшысындай болса да үлесін қосу керек.
М. Мизенбаев
Сарысу аудандық ардагерлер кеңесінің хатшысы. Еңбек ардагері.