АППАРАТТЫҚ КЕҢЕСТЕ

Бүгін аудан әкімдігінің мәжіліс залында аудан әкімі Сәкен Мамытовтың төрағалығымен аудандық аппараттық кеңес өтті.
Аппараттық кеңестің күн тәртібінде бірінші «Жаңатас қаласы әкімінің сайлауын ұйымдастыру мәселелері туралы» мәселе қаралды.
Аталған мәселеге байланысты аудан әкімі аппаратының басшысы Қ. Рысдәулет баяндама жасады.
Сарысу аудандық аумақтық сайлау комиссиясының 2023 жылғы 09 тамыздағы №44 шешімімен 2023 жылғы 17 қыркүйекке Жаңатас қаласы әкімінің сайлауы тағайындалып, Жаңатас қаласы әкімінің сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспары әзірленген.
Жаңатас қаласы халқының саны 25 707 адамды құрайды Оның ішінде, сайлаушылар саны – 15 183 адам (59%). Жаңатас қаласы 7 сайлау учаскесіне бөлінген. 8 сайлау комиссиясы бар, оның 7-і учаскелік, 1-і аумақтық. Құрамында 62 адам бар. Күнтізбелік жоспарға сәйкес учаскелік сайлау комиссияларына сайлаушылардың тізімі бекітіліп берілген. Халықты ақпараттандыру мақсатында 2 орында сайлаудың күнтізбелік ақпараттары туралы билбордтар ілінді. Барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыруға 7 ақпараттық қалқалар, сайлаушылармен кездесуі үшін шарттық негізде берілетін 1 үй-жай (мәдениет үйі — 1) дайындығы қамтамасыз етілген. Аталған үй-жайда кандидаттардың халықпен кездесу кестесі әзірленді. Бұл бойынша іс-шара жоспарына сәйкес «Сарысу» газетіне тиісті хабарламалар берілді.
Барлық сайлаушыларға шақыру билеттері таратылды. Бұл жұмыстарға 70-ке жуық еріктілір тартылды. Бүгінде әкім лауазымына үміткерлер өз бағдарламалары бойынша үгіт-насихат жұмыстарын жүргізуде.
Сайлаушылардың сапалық құрамдарына талдау жасалынып, сайлаушыларды тасымалдауға арналған 5 жеңіл автокөлік резерві және 3 автобус дайындалды.
Үйден дауыс беретін мүмкіндігі шектеулі азаматтарды тасымалдайтын 2 инватакси қызмет етеді. Қазіргі таңда сайлау учаскелеріне жауапты аурухана, полиция және төтенше жағдайлар бөлімі қызметкерлерінің бекітілісі дайындалуда.
Күн тәртібіндегі осы мәселеге байланысты аудандық сайлау комиссиясының төрағасы Д. Шортанбаев та Жаңатас қаласы әкімінің сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі дайындалған жұмыстар туралы баяндады.
Күн тәртібіндегі екінші мәселе «Қамқалы ауылдық округі әкімінің аппаратын жадынамаға сәйкес зерделеу қорытындысы туралы» аудан әкімі аппаратының ұйымдастыру-инспекторлық бөлімшесінің басшысы З. Сейдалиев хабарлама жасады.
Ағымдағы жылдың 6 қыркүйек күні арнайы жадынамаға сәйкес 15 тармақ бойынша Қамқалы ауылдық округіне зерделеу жүргізілген. Хабарламашы атқарылған және атқарылуға тиісті жұмыстармен қатар, анықталған бірқатар кемшіліктерді айтып өтті.
Сонымен қатар, аппараттық кеңесте Жаңаталап, Игілік, Тоғызкент ауылдық округінің әкімдері зерделеу жұмыстары бойынша анықталған кемшіліктердің орындалуын барысын баяндады.
Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша Сәкен Үмбетұлы сала басшылары мен жауапты мамандарды тыңдап, анықталған бірқатар кемшіліктерді қалыпқа келтіруді тапсырды.
Күн тәртібіндегі мәселелер толық қаралып, тиісті тапсырмалар берілді.
Сарысу ауданы әкімдігі