Ағайындылар әлем чемпионатында топ жарды

Өзбекстан мемлекеті Ташкент қаласында «Сетокан» каратэдан әлем чемпионаты өтіп, елімізден спортшылар аттанған болатын.
Байрақты бәсекеге облысымыздан да боз кілем шеберлері қатысып жүлделі орыннан көріне білді.
Соның ішінде спортшылар ұстаханасына айналған Бесағаш ауылының қыздары жеңіс тұғырынан көріне білді.
Нақтырақ айтар болсақ, қарсылас біткенді қапы қалдырған Дилара Бақыткерек бірінші орын иеленсе, Каусар Бақыткерек 2 орын иеленіп, әулеттің, ауылдың, еліміздің абыройын асқақтатты.

 

Жамбыл ауданы әкімдігі