МЕМЛЕКЕТТІК ОРГАНДАРДА ЖҰМЫС УАҚЫТЫ РЕЖИМІНІҢ САҚТАЛУЫНА МОНИТОРИНГ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 2023 жылғы 29 мамырдағы №121 бұйрығымен Мемлекеттік органдардың жұмыс уақыты режимін сақтауына мониторинг жүргізу қағидалары бекітілген болатын.

Осыған орай, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментімен жұмыс уақыты режимінің сақталуы бойынша мемлекеттік органдарға бару арқылы мониторинг жұмыстары бекітілген кестеге сәйкес жүргізілуде.

Атап айтқанда, Департаменттің мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау басқармасының мамандарымен ағымдағы жылдың 28 тамызы мен               1 қыркүйегі аралығында келесі мемлекеттік органдарда:

1) ҚР АШМ Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Жамбыл облыстық аумақтық инспекциясында;

2) ҚР АШМ Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Жамбыл облыстық аумақтық инспекциясында;

3) Жамбыл облысы әкімдігінің сәулет және қала құрылысы басқармасында жұмыс уақыты режимінің сақтауына мониторинг жүргізіліп, оның нәтижесінде үстеме жұмыс жасау фактілері анықталмады.

Сонымен бірге, мониторинг нәтижелері бойынша мемлекеттік қызметшіні заңсыз үстеме жұмысқа тарту жағдайлары анықталған жағдайда, мемлекеттік органның бірінші басшылары ҚРӘҚБтК-нің 89-бабында көзделген әкімшілік жазаға тартылуы мүмкін.

Аталып өткен шаралар, мемлекеттік қызметшілердің құқықтарын қорғау, оның ішінде олардың әлеуметтік кепілдіктерінің бұзылуының алдын-алуға бағытталған.

Айта кетерлігі, мемлекеттік қызмет және еңбек заңнамаларының талаптарына сәйкес, жұмыс уақытынан тыс істелетін жұмысқа, демалыс және мереке күндердегі жұмысқа тартылған жағдайларда мемлекеттік қызметшіге демалыс күндері (сағаттары) беріледі немесе өтемақы төленеді.

Бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта өз жалғасын табатын болады.

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі

Жамбыл облысы бойынша департаменті