ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСУДА
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің мемлекеттік қызмет басқармасының басшысы Е.Тұмабеков Тараз қаласындағы №5 қалалық емханасының жас мамандарымен мемлекеттік басқару жүйесі үшін талантты жастарды анықтау және тарту мақсатында жүзеге асырылып отырған Президенттік жастар кадр резервіне іріктеудің үшінші кезеңін түсіндіру бойынша кездесу өткізді.
Кездесу барысында «Президенттік жастар кадр резервінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 27 тамыздағы № 141 Жарлығына сәйкес, іріктеудің талаптары толығымен түсіндірілді, сондай-ақ 2023 жылдың 1-30 қыркүйегі аралығында pkrezerv.gov.kz арнайы сайтында онлайн режимде құжаттарды тапсыру мүмкіндігі айтылды.
Жамбыл облысы бойынша мемлекеттік қызмет істері департаменті