Жамбылдық құтқарушылар үшін өткен тәулік тосын шақыртуларға толы болды

2023 жылдың 13 қыркүйегіндегі тәулік Жамбыл облысының құтқарушылары үшін күрделі тәулік болды. Облыстық ТЖД күштер мен құралдарды жедел басқару орталығының «101» және «112» телефон нөмірлеріне келесідей қоңыраулар келіп түсті:
12 сағат 35 минутта өзара іс-қимыл алгоритмі шеңберінде «Әулие Ата» халықаралық әуежайына тиісті күштер мен құралдар жөнелтілді.
Сағат 14.35-те полиция қызметкерлерінен Тараз қаласының «Жеңіс» саябағының аумағындағы көпірден ер адамның өзіне-өзі қол жұмсау әрекеті туралы хабарлама келіп түсті. Төтенше жағдайлар департаменті мен полиция департаментінің қызметкерлері ер адамды құтқару арқанымен алып шықты.
Сағат 15.21-де құтқарушылар полиция қызметкерлеріне көмек көрсету үшін жедел түрде жолға шыққан.
Сағат 15.52-де Байзақ ауданы, Қызыл Жұлдыз ауылындағы жеке тұрғын үйдің аумағында сарай өртенген. Оқиға орнына қалалық өрт сөндіру бөлімдерінен 3 бірлік техника мен 18 адам жеке құрам, сондай-ақ Медициналық апаттар орталығы мен өрт сөндіру кезекші қызметінің қызметкерлері жедел түрде шығып, 22 минутта өрт жойылды. Алайда, өрт салдарынан сарай шатыры зақымданды.
19. 23-те құтқарушылар кездейсоқ пәтерде қамалып қалған 15 жасар баланың есігін ашып, көмек қолын созды.
Сондай-ақ, түнгі сағат 02.02-де Тараз қаласында 1992 жылы шыққан жеңіл автокөлік өртенген. Оқиға орнына 2 бірлік техника және 6 адамнан құралған жеке құрам шығып, 11 минутта өртті жойды. Өрт көліктің салоны мен қозғалтқыш бөлігін зақымдаған.
Жоғарыда аталған оқиғалардан қаза тапқандар мен зардап шеккендер тіркелмеген. Сонымен қатар, облыстың өрт сөндіруші-құтқарушылары қураған шөптер мен қоқыстардың жануы жағдайларына жедел түрде 2 рет жолға шықты.
Осыған байланысты Жамбыл облысы ТЖ департаменті облыс және қала тұрғындарын өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтауға және төтенше жағдайларға жол бермеуге шақырады. Өрт немесе төтенше жағдай туындаса шұғыл түрде «101» және «112»телефон нөмірлеріне қоңырау шалу қажет екендігін еске салады.
Жамбыл облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің Қоғаммен байланыс тобы
Жамбыл облысы Төтенше жағдайлар департаменті