ТАҒАЙЫНДАУ✅

🔰 Қорғаныс министірінің бұйрығымен Жандос Серікұлы Абиев Шу аудандық қорғаныс істері бөлімінің бастығы лауазымына тағайындалды.
🔹Жандос Серікұлы 1985 жылы 29 желтоқсанда Жамбыл облысы Меркі ауданы Меркі ауылында дүниеге келген. Ұлты қазақ. Білімі жоғары.
🔹2017 жылы Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетін «Тарих, құқық және экономика негіздері» мамандығы бойынша, 2019 жылы Халықаралық гуманитарлық — техникалық университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша бітірген.
🔹Еңбек жолын 2007 жылы Жамбыл облысы Меркі ауданы қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің АӘД шақыру тобы бастығының көмекшісі болып бастаған;
🔹2008 жылдан бастап – Жамбыл облысы Меркі ауданы қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің әскерге шақыру және әскери емес дайындық тобы бастығының аға көмекшісі;
🔹2008 жылдан мусым айынан бастап – Жамбыл облысы Меркі ауданының қорғаныс істер жөніндегі бөлімінің келісім-шарт және шақыру бойынша әскери қызметшілерді қабылдау бөлімшесі бастығының көмекшісі;
🔹2013 жылы келісім-шарт бойынша әскери қызметке шақырылды.
🔹2013 жылдан – Жамбыл облысы Жаңатас қаласының қорғаныс бөлімінде келісім-шарт және шақыру бойынша әскери қызметшілерді қабылдау бөлімінің бастығы;
🔹2015 жылдан — Жамбыл облысы Меркі ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің келісім-шарт және шақыру бойынша әскери қызметшілерді қабылдау бөлімшесінің бастығы;
🔹2017 жылдан – Жамбыл облысы Меркі ауданы қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің бөлімше бастығының орынбасары – жұмылдыру бөлімшесінің бастығы;
🔹2018 жылы — жұмылдыру бөлімшесінің бастығы — Жамбыл облысы Меркі ауданы қорғаныс істері жөніндегі бөлімі бастығының орынбасары;
🔹2021 жылыдан бүгінгі күнге дейін Ақмола облысы Атабасар және Жакин аудандарының қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің бастығы қызметін атқарған;
🔹Үйленген, 4 бала тәрбиелеуде.

ТАҒАЙЫНДАУ

Сарысу ауданы әкімінің 2023 жылғы 24 шілдедегі №306-ө өкімімен Сақыпбеков Жұмат Жұмабекұлы Сарысу ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімінің басшысы лауазымына тағайындалды.
Сақыпбеков Жұмат Жұмабекұлы 1980 жылы 22 тамызда Жамбыл облысы, Сарысу ауданы, Байқадам ауылында дүниеге келген.
2002 жылы М.Х Дулати атындағы Тараз Мемлекеттік Университетін «экономист» мамандығы және 2011 жылы аталған университетті «Құқықтану» мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 1998 жылы Жайылма ауылындағы Әйтеке би атындағы орта мектепте есепші болып бастаған.
1999-2000 жылдары «Көгалдандыру және көріктендіру» мекемесінің инспекторы,
2001-2002 жылдары Сарысу аудандық денсаулық сақтау басқармасының орталықтандырылған есеп бөлімінің топ жетекшісі, бас есепшісі,
2002-2010 жылдары Сарысу аудандық аумақтық емханасының бас бухгалтері, бас дәрігердің экономикалық сұрақтары жөніндегі орынбасары,
2010-2012 жылдары Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы Сарысу аудандық орталық емханасы коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының бас есепшісінің орынбасары, бас дәрігердің экономикалық сұрақтары жөніндегі орынбасары,
2012-2013 жылдары Сарысу ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің бас маманы,
2013 жылы Сарысу ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің сектор меңгерушісі,
2013-2018 жылдары Сарысу ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімінің басшысы,
2018-2019 жылдары ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің Жамбыл облыстық инспекциясы республикалық мемлекеттік мекемесінің кадрлық, қаржылық және құқықтық жұмыс бөлімінің басшысы,
2019 жылдың наурыз-мамыр айларында Сарысу ауданы әкімі аппаратының аударма жөніндегі редакторы,
2019-2021 жылдары Сарысу ауданы әкімі аппаратының басшысы,
2021 жылдың тамыз-қыркүйек айларында Сарысу ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімінің басшысы,
2021-2022 жылдары Сарысу ауданы әкімдігінің сәулет, қалақұрылысы және құрылыс бөлімінің сектор меңгерушісі қызметтерін атқарды.
2022 жылдың мамыр айынан бастап бүгінгі күнге дейін Сарысу ауданы әкімі аппаратының басшысы қызметін атқарған.
Отбасылы, 4 ұл, 1 қыз тәрбиелеуде.

Сарысу ауданы әкімдігі