ДЕБАТ ТЕХНОЛОГИЯСЫ – ЖАҢА ЗАМАН ТАЛАБЫ
Қазіргі уақытта мектепішілік дебат қозғалысын дамыту — өзекті мәселе.
Себебі оқушылардың бойында саяси мәдениетті, өз әрекеті үшін өзі және қоғам алдында жауапкершілікті, шығармашыл және сыни ойлау қабілетін қалыптастыру қажет.
Осы мақсатта Қаратау қаласында Ш.Уалиханов атындағы орта мектебінің базасында дебат жетекшілеріне арналған оқыту семинары ұйымдастырылды.
Семинар “Жамбыл облысы әкімдігінің жастар саясаты мәселелері басқармасының” мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде “Жастар арасында дебат ойындарын ұйымдастыру” жобасы аясында өтті.
Семинарға жиналғандар өз ойларын ортаға салып, еркін пікір алмасты.