🔰Қоқан қаласында (Өзбекстан) Халықаралық халықтық қолданбалы шығармашылық фестивалі өтуде.

🔹Оған тараздық қолөнер және қолданбалы өнер орталығының шеберлері де қатысып жатыр. Жамбыл облысының делегациясын Тараз қаласы әкімінің орынбасары Қайрат Исмаил бастап барды.
Фестиваль Азия мен Еуропаның, Латын Америкасы мен Австралияның түкпір-түкпірінен келген халық шеберлерінің мерекелік шеруінен басталды.
🔹Фестивальде Өзбекстан Президенті Әкімшілігінің Басшысы, Ферғана облысының әкімі, сондай-ақ Дүниежүзілік қолөнершілер ұйымының президенті Саат Әл Кадуми құттықтау сөз сөйледі.
🔹Фестиваль аясында өзбек қолөнершілерінің халықтық қолданбалы шығармашылығына арналған кітаптың тұсаукесері өтті.
🔹Сонымен қатар шығармашылық көрмеде Тараз шеберлерінің де жұмыстары қойылды.
📌Аталмыш іс-шара мәдениет, туризм және экономика
саласындағы достық байланыстарды дамытуға ықпал етеді.