Аудан әкімі ауыл тұрғындарымен кездесті
Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың «Әкімдердің халықпен кездесу өткізу туралы» Жарлығында «барлық деңгейдегі әкімдер жыл бойы халықпен кездесулер өткізсін, олардың барысында халықты толғандыратын әлеуметтік мәселелерге баса назар аудара отырып, Қазақстанды жаңғыртудың жаңа бағдарының негізгі бағыттары туралы хабардар етсін және проблемалық мәселелерді шешудің жолдары мен мерзімдерін түсіндірсін» делінген.
Жарлықты басшылыққа ала отырып, Байқадам ауылдық округінің тұрғындарымен кездесу өткіздім.
Округте атқарылып жатқан жұмыстар мен жүзеге асатын жобаларды баяндап, шілде айында округ тұрғындарымен кездесу барысында көтерілген мәселелерге тоқталдым.
Екі ай бұрынғы кездесуде тұрғындар тарапынан 28 мәселе көтерілсе, бүгінгі таңда оның 22-і шешілді, көше, аула, ғимарат, мекеме тазалықтарына қатысты тармақтар тұрақты түрде жалғасып, шешімін тауып тұрады. Бұл бойынша ауыл әкімі мен жауапты мекеме басшыларына нақты тапсырма берілген. Сонымен бірге, аудандық мұражай ғимаратын үлкейту, жол, су тарту мәселелері кезең-кезеңімен шешілетін болады.
Кездесу барысында жеке қабылдау өткізіп, хаттамалық тапсырма бердім.