ҚАБЫЛДАУ

Бүгін кезекті қоғамдық қабылдау өткіздім. 9 азамат келіп, өз мәселелерін жеткізді. Қабылдау барысында баспана және әлеуметтік мәселелер көтерілді. Бүгінде Жаңатас қаласынан жаңа жұмыс орындары ашылуда, соған байланысты жан-жақтан көшіп келушілер көп. Жұмысқа келушілердің көпшілігіне пәтер табу қиындық туғызады, бүгінгі қоғамдық қабылдауға келген 9 азаматтың 6-уы осы мәселемен келді. Алдағы уақытта заң аясында шешімін қарастыру жайы жауапты басшыларға жүктелді. Тұрғындар жағдайларын айту арқылы көмек күтеді, оң шешілсе деген үмітпен келеді. Әрбір мәселе назарымнан тыс қалмайды, заң аясында шешілу жолдарын қарастырамыз.

Сакен Мамытов, Сарысу ауданының әкімі