Облыстық спартакиада

Бүгін Байзақ ауданы Сарыкемер ауылында Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен “БАЙТАҚ ЖЕРІ, БАЙРАҚТЫ БАЙЗАҚ ЖЕРІ” атты “Жастар ресурстық орталығы” қызметкерлері арасында облыстық спартакиада өтті.
Шараның ашылу салтанатында сөз беріліп, салауатты өмір салты — денсаулықтың басты кепілі екендігін айта келе, өңірдегі Орталық қызметкерлерінің мемлекеттік жастар саясатын іске асырудағы рөлі мен әріптестік қарым-қатынасты өзара нығайтуда осындай іс-шаралардың маңыздылығын айта кеттім және қатысушы командаларға сәттілік тіледім.
Жастар ресурстық орталықтарының қызметкерлері күнделікті жұмыстан бір сәтке босап, өздерін кіші футбол, арқан тарту, асық ату, дартс сынды ойындардан бақтарын сынады.
Жомарт ЗҰЛПЫХАР, облыс әкімдігі жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы.