Отанды қорғау – азаматтық парыз
Қазіргі уақытта республика бойынша күзгі мерзімді әскери қызметке шақыру және аттандыру жұмыстары атқарылуда.
Осыған орай 26 қыркүйек күні ауданымыздағы әскер қатарына шақыртылған ер азаматтарды шығарып салу салатнаты өтті.
Әскерге бару да шығарып салу да үлкен жауапкершілік жүктейді. Азаматтарымызға жақсы тәжірибе алаңы болады деп ойлаймын. Кешегі бозбала шақырылушы әскерден үйіне аптал азамат әрі нағыз Отан қорғаушы болып оралады.
Бүгінгі жастарымыз Отан алдындағы міндетін абыроймен атқарады деген үміттемін», — деді аудан әкімінің орынбасары Найман Сұлтанбаев.
Сонымен қатар ауданымыздың бас имамы Алмас Кенжемолдаев отан алдындағы борышын өтеуге кетіп бара жатқан жас сарбаздарға өзінің ақ батасын беріп, еліміздің аман — жұртымыздың тыныш болуын тіледі.
Салтанатты іс-шарада әскер қатарына шақыртылған сарбаздарға сый-сияпаттар табысталып, концерттік бағдарламалармен жалғасын тапты.
Шу ауданы әкімдігі