«ОТБАСЫНЫҢ ЦИФРЛЫҚ КАРТАСЫ» БОЙЫНША КЕҢЕС ОТЫРЫСЫ ӨТКІЗІЛДІ.
Аудан әкімінің орынбасары А.Ахметова кеңестің ашықтығын жариялап, қатысушыларды күн тәртібіндегі мәселелермен таныстырды.
Жиынға Жамбыл облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары Қ.Сметова, басқарманың ақпараттық талдау бөлімінің басшысы Ш.Жорғатаева, облыстық білім басқармасынан А.Амангелдіұлы қатысты. «Отбасының цифрлық картасы» ақпараттық жүйесінде жұмыс жасайтын бөлімдердің мамандары мен ауылдық округ мамандарын Мансап орталығында өткізілетін жүйеде өзектендіру бойынша тәжірибелік оқуға қатысып, жүйелі жұмыстар атқаруға шақырды.