АРДАГЕР ҰСТАЗДЫ ҚҰТТЫҚТАП БАРДЫ

Аудан әкімі Ерлан Қыдыралыұлы Мұғалімдер күні Жалпақтөбе ауылының тұрғыны, ардагер-ұстаз, саналы ғұмырын ұрпақ тәрбиесіне арнаған Ділдәкүл Атабаеваның шаңырағына барып, төл мерекесімен құттықтады.
Ізгі лебізін білдірген аудан басшысы ұстаздың иығына ақ орамал жауып, сый-сияпатын табыс етті.
Өз кезегінде Ділдәкүл Мұратбекқызы елеп-ескерген аудан басшысына алғысын білдірді
Құттықтауға облыс әкімдігі білім басқармасы аудандық білім бөлімінің басшысы Зауре Садуақасова, Полатқосшы ауылдық округінің әкімі Ержан Данаев, аудан әкімдігі ішкі саясат бөлімінің басшысы Бақытжан Құтжан қатысты.