«Гүлбаһрам Сейфуллинаның әмияны»
С.Сейфуллиннің жары Гүлбаһрам Сейфуллинаның көзі тірісінде, 1960-1970 жылдары қолданған ақша салатын әмияны.
Әмиян бедерлі қоңыр түсті былғарыдан тігілген. Пішіні тіктөртбұрыш. Бүйірінде қалташасы бар. Жоғарғы жағы ашылып, жабылатын бекіткішпен жабылады. Гүлбаһрам қайтыс болғаннан кейін ұстаған заттары немере сіңілісі Софья Абдулловнаның үйінде сақталған. Аталмыш жәдігерлер Алматы қаласындағы Мемлекеттік Ұлттық музейге тапсырылған. 1988 жылы С.Сейфуллиннің музейі ашылған кезде музейге әкелінді. Бүгінгі күні құнды жәдігер музей экспозициясына қойылған.
Дарынды жазушының өмірін толығырақ білгілеріңіз келсе мұражайдың қонағы болуға шақырамыз!