9 қазан – Еуропалық орган донорлығы күні
Еуропалық ағза донорлығы және трансплантация күні медицинаның осы саласына адамдардың сенімін арттыру үшін 1996 жылдан бері өткізіліп келеді. Негізгі мақсаты—ағза донорлығы мен трансплантацияны дамытуға қоғамның назарын аудару.
Биыл Қазақстанда донорлық органдардың тапшылығы мәселелерін көрсету және елдегі орган донорлығы мен трансплантацияны дамытудың маңыздылығы туралы халықтың хабардарлығын арттыру мақсатында алғаш рет Орган доноры күні атап өтілуде.
Ағзаларды трансплантациялау — медицинаның маңызды жетістігінің бірі болып табылады. Негізінде, донорлық органдарға сұраныс — ұсыныстан да асып түседі.
Медицинадағы қарқынды прогреске қарамастан, бүйрек, бауыр, өкпе және жүректі трансплантаттау қажет күтуші пациенттердің тізімі өсуде. Статистикалық мәліметке сүйенсек, бүгінгі таңда Еуропада 50 000-нан астам адам трансплантация операциясын күту тізімінде тұр. Күн сайын осы адамдардың 12-сі тиісті органдардың болмауынан қайтыс болады. Қазақстанда 2022 жылы 4 донор 16 адамның өмірін сақтап қалған, ал 2023 жылы 4 донор мен 9 адамның өмірін сақтап қалған. 2023 жылғы 10 қыркүйектегі жағдай бойынша күту тізімінде бүйрек, бауыр, өкпе, жүрек және «жүрек-өкпе»кешеніне мұқтаж 3953 пациент бар көрінеді. Осы жылдың 9 қазанындағы жағдай бойынша, Жамбыл облысында 136 адам күту парағында (оның ішінде 7 бауырға, 125 бүйрекке, 4 жүрекке). Қазақстандағы Орган доноры күнінің басты мақсаты – қоғамның назарын қайтыс болғаннан кейінгі донорлықты дамыту мәселелеріне аудару және донорлықтың барлық аспектілері туралы халықтың хабардарлығын арттыру және әрбір тұрғынның игі іс жасау мүмкіндігі туралы ойлануға шақыру болып табылады.
Жанар Оспанова,
Жамбыл облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының басшысы